Нұрбек пен Айбектің есімін 6 жасар ерке қыз қойған
АСТАНА. KAZINFORM — Дәл қазір Оралбай шаңырағында Нұрбектің туған-туыстары жиналған. Олардың арасында Нұрбек пен Айбектің есімін қойған Мөлдір Оралбай да жүр.

«Мен Нұрбек пен Айбектің әкесі Рахат Оралбайдың ағасының қызымын. Ата-әженің алғашқы немересі болғандықтан ерке болып өстім. Қатты ерке болғаным соншалық, 2000 жылы бауырларым дүниеге келгенде есімін қою бақыты маған бұйырды. Ол кезде небары 6 жаста ғана едім. Бұл есімдер далада бірге ойнап жүрген балалардың есімі болатын», -деді Мөлдір.
Естеріңізге сала кетсек, мұның алдында Нұрбек Оралбайдың анасы ұлына қалай үшінші «бапкер» болғанын әңгімелеп берген еді.
Айта кетейік, Франция астанасы Париж қаласында өтіп жатқан XXXIII жазғы Олимпиада ойындары 11 тамызда мәресіне жетеді.
Санаулы сәттерден кейін бокстан ерлер арасында 80 келі салмақта Нұрбек Оралбай шаршы алаңға шығады.
Ол украиналық Александр Хижнякпен алтынға таласады.