Нұрбол Назарбаевтың пайдасына шығарылған сот шешімі күшін жойды – Бас прокуратура
АСТАНА. KAZINFORM – Бас прокурор Берік Асылов Болат Назарбаевтың ұлы Нұрбол Назарбаевтан зардап шеккенін сотқа мәлімдеген кәсіпкердің ісі қайта тергеліп жатқанын мәлім етті.
- Алматы қаласы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті (бұдан əрі – ЭТД) К. Ерментаевқа тиесілі «PORUS» ЖШС-ның жарғылық капиталының 16% үлесін заңсыз қайта тіркеу фактісі бойынша тергеп-тексеруді жүргізді (ҚК-нің 249-бабының 1-бөлігі). Оның нəтижесі бойынша қылмыстық іс 22.02.2024 ж. қылмыс құрамының болмауына байланысты тоқтатылды. Кейін сотқа дейінгі іс жүргізу материалдарын зерделеу қорытындысы бойынша жəне К.Ерментаев келтірген дəлелдерді ескере отырып, 09.10.2025 ж. бұрын қабылданған шешімнің күші жойылды, - деп жазды Бас прокурор Мәжіліс депутаттарының сауалына жолдаған жауапта.
Айтуынша, осы мәселе бойынша қосымша тергеу жүріп жатыр.
- Қазіргі уақытта Алматы қаласы бойынша ЭТД келтірілген фактілерді жан-жақты жəне объективті тексеруге бағытталған қосымша тергеу əрекеттерін жүргізуде. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысы прокуратура органдарының тұрақты бақылауында, - деп жазады Берік Асылов.
Еске салсақ, Мәжіліс депутаты Азат Перуашев Сарыағаш әкімдігі Болат Назарбаевтың ісін желеу етіп, басқа кәсіпкердің шипажайын тартып алғанын мәлімдеген болатын.