Нұрдәулет Сейілбеков U20 әлем чемпионатында қола жүлдеге ие болды
АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстан еркін күрестен Словакияның Братислава қаласында өтіп жатқан U20 әлем чемпионатында жүлдеге қол жеткізді.
Нұрдәулет Сейілбеков 74 келіге дейінгі салмақта жеңіс тұғырының үшінші сатысына көтерілді.
ҚР ҰОК мәліметінше, отандасымыз қола жүлде үшін өткен белдесуде Италия өкілі Алессио Перентинді жеңді.
Осылайша, Қазақстан құрамасы еркін күрестен әлем біріншілігін үш медальмен аяқтады. Бұған дейін Бекасыл Асамбек (61 келіге дейін) күміс медальға ие болса, Нұрасыл Асамбек (57 келіге дейін) қола жүлдегер атанған еді.
Айта кетейік, Қазақстан құрамасы дзюдодан Эквадорда өткен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатының аралас-командалық жарысында жеңімпаз атанып, тарихи нәтижеге қол жеткізді.