Нұрлан Әбдіров ОCК төрағасы болып қайта тағайындалды

АСТАНА. KAZINFORM — Нұрлан Әбдіров Орталық сайлау комиссиясы төрағасы болып тағайындалды.

а
Фото: Виктор Федюнин/Kazinform

Тиісті Жарлыққа Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойды.

— Мемлекет басшысының Жарлығымен Нұрлан Мәжитұлы Әбдіров Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы лауазымына тағайындалды, — деп хабарламада.

Нұрлан Әбдіров 1961 жылғы 12 қаңтарда туған.

КСРО ІІМ Қарағанды жоғары мектебін, КСРО ІІМ Бүкілодақтық ғылыми-зерттеу институтының күндізгі адъюнктурасын (Мәскеу қ.), Дж.Маршалл атындағы Қауіпсіздік мәселелерін зерделеу жөніндегі Еуропалық орталықта басшылық құрамның 4 айлық курстарын (Германия) бітірген.

Заңгер-құқықтанушы. Заң ғылымдарының докторы, профессор.

09.1982 – 06.1997 жж. - ІІМ Қарағанды жоғары мектебінде оқытушылық қызмет атқарды.

06.1997 – 05.2000 жж. – Қазақстан Республикасының Есірткіні бақылау жөніндегі мемлекеттік комиссиясының хатшысы.

05.2000 – 09.2002 жж. – Қазақстан Республикасы Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес агенттігі төрағасының орынбасары, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес комитеті төрағасының орынбасары.

09.2002 – 06.2005 жж. – Қауіпсіздік кеңесі Хатшылығының мемлекеттік инспекторы, Қауіпсіздік кеңесі Хатшылығы Қоғамдық және экологиялық қауіпсіздік бөлімінің меңгерушісі, Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік кеңесі Хатшылығы меңгерушісінің орынбасары.

06.2005 – 09.2009 жж. – Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік кеңесі хатшысының орынбасары – Қауіпсіздік кеңесі Хатшылығының меңгерушісі.

09.2009 – 08.2020 жж. – Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің төртінші, бесінші, алтыншы сайланымдарының депутаты, Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрағасы.

08.2020 – 09.2020 жж. – Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты.

09.2020 – 01.2022 жж. Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты төрағасының орынбасары.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 25 қаңтардағы № 784 Жарлығымен Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының төрағасы болып тағайындалды.

Еске салайық, бұған дейін Президенттің ішкі саясат мәселелері жөніндегі көмекшісі тағайындалғанын хабарлаған едік.