18:11, 13 Шілде 2022 | GMT +5
Нұрлан Мәсімов Ресеймен шекарадан жалған құжат арқылы өтпек болған кезде ұсталды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Нұрлан Мәсімов Ресеймен шекарадан жалған құжат арқылы өтпек болған кезде ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Баспасөз мәліметтеріне қарағанда, биылғы 13 шілдеде жемқорлықпен күрес қызметі шекара қызметімен бірлескен жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде Шығыс Қазақстан облысының аумағында Ресей Федерациясымен мемлекеттік шекарадан жалған құжаттар арқылы өтпек болған Нұрлан Мырзаханұлы Мәсімовті ұстады.
«Павлодар облысы полиция департаментінің экс-бастығы аса ауыр коррупциялық қылмыс жасағаны үшін іздестірілді»,-делінген хабарламада.
Осыған дейін Павлодар облысы Полиция департаментінің басшысы Нұрлан Мәсімов қызметінен босатылғаны хабарланды.
Кейінірек оған іздеу жарияланып, ол туралы қандай да бір ақпарат берген адамған 12 млн теңге сыйақы берілетіні мәлім болды.
Фото: irbistv.kz