17:06, 24 Маусым 2022 | GMT +5
Нұрлан Мәсімов туралы ақпарат берген адамға 12 млн теңгеге дейін сыйақы бар
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Аса ірі мөлшерде пара алды деген күдікпен іздеу жарияланған Нұрлан Мәсімов туралы ақпарат берген адамға 12 млн теңгеге дейін сыйақы табысталады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне сілтеме жасап.

«Егер Сізде оның орналасқан жері туралы қандай да бір ақпарат болса, Агенттіктің телефондары бойынша хабарлауды сұраймыз:
call-центр 1424
+7 (7172) 909 260
+7 (727) 278 7300
+7 (707) 978 0808
Масимовтың орналасқан жері туралы ақпарат бергені үшін 12 000 000 теңгеге дейін сыйақы көзделген. Хабарламаның құпиялығына кепілдік беріледі!» - делінген ведомствоның мәлімдемесінде.
Айта кетейік, сот Павлодар облыстық полиция департаментінің бұрынғы бастығы Нұрлан Мәсімовке «күзетпен ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялаған болатын. ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі іздеу жариялағаны хабарланған.