Нұротандықтар мүмкіндігі шектеулі жандарды еңбекпен қамту проблемасын шешуге қолғабыс етеді

ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ. 10 қараша. ҚазАқпарат - «Нұр Отан» ХДП және «Қазақстан мүгедектер конфедерациясы» РҚБ

Нұротандықтар мүмкіндігі шектеулі жандарды еңбекпен қамту проблемасын шешуге қолғабыс етеді

Павлодарда өткен дөңгелек үстел отырысында «Мүгедектерді жұмысқа орналастыру моделін құру» жобасын таныстырды.

Оны талқылауға мемлекеттік органдар мен ҮЕҰ-ның өкілдері, облыстық және қалалық мәслихаттардың депутаттары қатысты.

Кеңес барысында мүгедектердің білім алуға, медицинаға және еңбекпен қамтылуға кедергісіз қолжетімділігі құқығын қамтамасыз ету мәселелері қаралды.

Павлодарда «дөңгелек үстел» «Шексіз мүмкіндіктер-2012» жыл сайынғы республикалық акциясының аясында өтті. «Нұр Отан» партиясы акцияны мемлекеттік ведомстволар мен мүгедектер бірлестігімен бірлесіп өткізуде.