Нұрсұлтан Назарбаев әлемдік бизнес өкілдерін елімізбен белсенді ықпалдастыққа шақырды ? Бүкіләлемдік экономикалық форум

АСТАНА. Қаңтардың 29-ы. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Бүкіләлемдік экономикалық форумға қатысу бағдарламасының екінші күні әлемдік бизнес-элита өкілдерімен кездесуден басталды,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Президентінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Нұрсұлтан Назарбаевтың құрметіне арнайы ұйымдастырылған таңғы асқа ірі 30 әлемдік компаниялардың басшылары, олардың қатарында француздың «Тоталь» мұнай-газ компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы Тиерри Десмарест, «Сорос фанд менеджмент» компаниясының төрағасы Джордж Сорос, «Северсталь» компаниясының бас атқарушы директоры Алексей Мордашев, «Ройал Датч Шелл» компаниясының басшысы Жорма Оллила, «Барклайс Капитал» компаниясының вице-төрағасы Марк Хольтсман, «АрселорМиттал» компаниясының бас атқарушы директоры Лакшми Миттал, сондай-ақ танымал америкалық экономист Майкл Портер қатысты. Бейресми әңгіме аясында кездесуге қатысушылар әлемдік экономикада қалыптасқан ауыр жағдайды талқылап, жаһандық дағдарыстан шығу жолдарына қатысты өз ойларын ортаға салды. Нұрсұлтан Назарбаев дағдарысқа қарамастан, тоқыраудан кейінгі кезеңде ашылатын перспективалар туралы ойластыру қажеттігін атап көрсетті және әлемдік бизнес өкілдерін елімізбен белсенді ынтымақтастыққа шақырды. Сол күні Қазақстан Президенті «Мұнай және газ геосаясаты - өтпелі жағдайдың картасы» атты энергетикалық саммитке қатысты, оған сондай-ақ Әзірбайжан Президенті Илхам Әлиев пен Армения Президенті Серж Саргсян, Мұнай экспорттаушы елдер ұйымының (ОПЕК) Бас хатшысы Абдалла Эль Бадри, Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттіктің (МАГАТЭ) атқарушы директоры Нобуо Танака, бірқатар мемлекеттердің салалық министрліктері мен ірі энергетикалық компаниялардың басшылары қатысты.Кездесуге қатысушылар әлемдік энергетикалық нарықты дамытудың келешегіне және оған геосаясаттық ахуал мен жаһандық экономикалық дағдарыстың тигізер әсеріне қатысты пікір алмасты.Өзінің сөйлеген сөзінде Мемлекет басшысы энергетикалық қауіпсіздік саласында диалогтың әмбебап тетіктерін құру қажеттігін атап өтті.
Соңғы жаңалықтар