Нұрсұлтан Назарбаев Дмитрий Медведевке Сібір өзендерін солтүстіктен оңтүстікке бұру жобасына оралуды ұсынды

СКЕМЕН. Қыркүйектің 7-сі.ҚазАқпарат /Людмила Малько/ - Бүгін Өскемен форумында Қазақстан Президенті ұсынған бастамалардың қатарында - «Сібір өзендерін солтүстіктен оңтүстікке бұру» жобасына оралу туралы ұсыныс болды. Бұл бастаманы қазақстандық тарап «трансшекаралық өзендердің таяздану» проблемасын шешудің нақты шарасы ретінде ұсынып отыр.
None
None

Ертістің таяздану проблемасы көптеген теріс салдарлар әкеледі, ал осы жобаны жүзеге асыра отырып және кеме қатынасын жандандандыра отырып, бұл проблемаларды шешуге болады, деп атап көрсетті Н.Назарбаев өз сөзінде.

Елбасының айтуынша, өкінішке орай, «трансшекаралық өзендерді ортақ пайдаланудың теңгерімді, кешенді әдісі жоқ және екі елдің үкіметтері осы проблеманы шешудің бірлескен жолдарын іздестіруі тиіс».

Соңғы жаңалықтар