Нұрсұлтан Назарбаев мектепте оқыған кезінде-ақ ұйымдастырушылық қабілетімен ерекшеленетін - С.Қадырәлиев (ФОТО)

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Нұрсұлтан Назарбаев өзінің ұйымдастырушылық және мәмлегерлік қабілетімен сонау мектепте оқып жүрген кезінде ерекшеленетін. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісіне бүгін Алматы облысының Қаскелең қаласында С. Демирель атындағы университет ғимаратында ҚР Тұңғыш Президенті бұрышының ашылу рәсімінде Елбасының сыныптасы Сайлаубек Қадырәлиев айтты.
None
None

«Біз Нұрсұлтан Әбішұлы екеуміз бір-бірімізді 2005 жылдан бері әлі көрген жоқпыз. Біз, зейнеткерлердің бос уақыты көп қой. Ал Елбасында бір минут та бос уақыт жоқ. Бүгін ол Астанадағы шараларға қатысса, ертең басқа елге маңызды кездесулерге аттанады. Мені оның еңбекқорлығы таң қалдырады. Ол ерекше дарын иесі» - деді С.Қадырәлиев. Оның айтуынша, Нұрсұлтан Әбішұлы өзінің ұйымдастырушылық қабілетімен сонау мектеп қабырғасында жүрген кезінде танылған, ол барлық қоғамдық шараларға белсене қатысатын болған. Оқу үлгерімі нашар оқушыларға әрдайым көмек қолын созған. «Мектепте оқып жүрген кезімізде басқа ауыл-аймақтардан келетін балалармен арадағы қақтығыстарды Нұрсұлтан шиеленісті төбелеске жеткізбей, бейбіт түрде шешетін. Ол қашанда осындай сәттерде жол тауып кететін дипломат еді. Меніңше, бұл кез-келген саясаткер үшін маңызды қасиет. Бүгін міне, біз Елбасының асыл қасиеттерінің жемістерін көріп жүрміз. 130-дан астам ұлт пен ұлыс елімізде тату-тәтті өмір сүріп жатыр», - деді Елбасының сыныптасы. Салтанатты рәсім аясында ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасының қоры өзінің музейі мұрағатынан университет бұрышына экспонаттар табыс етілді. Аталмыш шара соңында балалар үйлерінің тәрбиеленушілеріне, С. Демирель атындағы университеттің студенттеріне, қоғам қайраткерлері мен басқа да қонақтарға арналған мерекелік концерт ұйымдастырылды.

Соңғы жаңалықтар