Нұрсұлтан Назарбаев мемлекеттік сапармен Үндістанға жүріп кетті

АСТАНА. Қаңтардың 23-і. ҚазАқпарат /Айгүл Түлекбаева/ - Бүгін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев мемлекеттік сапармен Үндістанның астанасы – Нью-Делиге жүріп кетті,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат.Бұл ҚР Президентінің Үндістанға төртінші сапары, бұның алдында Мемлекет басшысы онда 2002 жылы болған еді. Бұл елде Н.Назарбаев Президент және Республика күнін мерекелеуге шақырылған құрметті қонақ ретінде болады. Сапарда оған ҚР Сыртқы істер министрі Марат Тәжин, Президенттің халықаралық мәселелер жөніндегі көмекшісі Қайрат Сарыбай, «Нұр Отан» ХДП төрағасының бірінші орынбасары Дархан Қалетаев, Энергетика және минералдық ресурстар министрі Сауат Мыңбаев, ҚР Индустрия және сауда министрі Владимир Школьник және басқалар еріп жүр. Сапар барысында көмірсутектері, атом энергетикасы, ғарыш және басқа салаларда бірқатар құжаттарға қол қойылуы жоспарлануда. Бұған қоса, Нью-Делиге қазақстандық кәсіпкерлердің үлкен делегациясы аттанды, олар бірлескен бизнес-форумға қатысады. Қазақстан ? Үндістанның Орталық Азиядағы ірі сауда әріптесі. Үндістанның аймақтың елдерімен өзара сауда айналымының жартысынан астамы біздің елдің үлесіне тиеді. Екі ел ынтымақтастығының перспективалы бағыттары ? фармацевтика, ақпараттық технологиялар, мұнай және газ, ауыл шаруашылығы, атом энергетикасы. Бүгінгі таңда қазақстан-үндістан қарым-қатынастары арта түсіп отырған серпінімен сипатталады, орнықты және жан-жақты дамуда. ҚР СІМ мәліметтері бойынша, 2007 жылы Қазақстан мен Үндістанның сауда айналымы 195,7 млн. долларды (қазақстандық экспорт ? 48,1 млн. доллар, импорт ? 147,6 млн. доллар) құрады. 2008 жылғы 11 айда екіжақты сауда айналымы 332,4 млн. долларға жетті (қазақстандық экспорт ? 149,7 млн. доллар және Үндістаннан импорт ? 182,7 млн. доллар).Қазақстан Үндістанға тұз, күкірт, әк және цемент, тері шикізаты және қара металдар экспорттайды және кофе, шай, тәтті тағамдар, темекі, органикалық химиялық қосылыстар, фармацевтік өнімдер, пластмасса және одан жасалатын бұйымдар, каучук және резина бұйымдарын, электр машиналарын, механика жабдықтарын импорттайды. Үндістанға қазақстандық инвестициялардың жалпы көлемі 63,3 млн. доллар, ал Қазақстан экономикасына үндістандық инвестициялар ? 61,9 млн. долллар болып отыр.
Соңғы жаңалықтар