07:59, 27 Қараша 2009 | GMT +5
Нұрсұлтан Назарбаев Минскіде Қырғызстан және Тәжікстан басшыларымен екіжақты кездесулер өткізді
sp;АСТАНА. Қарашаның 27-сі. ҚазАқпарат - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Минскіде мемлекет басшылары: Қырғызстан Президенті Құрманбек Бакиевпен және Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонмен екіжақты кездесулер өткізді.
Мемлекет басшысының баспасөз қызметінің хабарлауынша, әңгіме барысында екіжақты қатынастарды дамыту, беларус астанасында алда өткелі тұрған ЕурАзЭҚ Мемлекетаралық кеңесінің кезекті отырысы тұрғысында ықпалдастық үдерістердің барысы мәселелері талқыланды.
Нұрсұлтан Назарбаев Қырғызстан мен Тәжікстан басшыларын Алматыда ағымдағы жылғы желтоқсанда өтетін мемлекет басшыларының бейресми саммитіне қатысуға шақырды.