Нұрсұлтан Назарбаев: Өзін-өзі жұмыспен қамту - салықтан тікелей жалтару

«Бүкіл әлемде сақтандыру - азаматтарды әлеуметтік қорғаудың маңызды тарапы, ал сақтандыру ұйымы - ірі инвестор. Біздің елімізде де сақтандыруды дамыту, сақтандыру қызметінің қолжетімділік деңгейін көтеру қажет. Бұл ретте медицинадағы сақтандыру да қалып қоймауы тиіс. Бұл прогрессивті бағыт, түптеп келгенде бізге алға жылжу керек. (...) Қазір қорға салымдар түсіп жатыр. Жақын келіп қарағанымызда ол жерде мәселенің аз еместігі анықталды. Бізде өзін-өзі жұмыспен қамтыған 2,7 млн. адам бар екен. Барлық уақытта да әлеуметтік қорғау министрлерінен «әлемде «өзін-өзі жұмыспен қамтыған» сөзі қайда бар?» деп сұраймын. Бұл салық төлеуден тікелей жалтару. «Өзін-өзі жұмыспен қамту» дегеніміз осы», - деді ҚР Президенті.
Осы орайда Мемлекет басшысы өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға мемлекет қалай көмек көрсететіндігін түсіндіріп өтті.
«Біз жұмыссыздар үшін шешім қабылдадық, егер жұмысың болмаса, онда ауылда шағын несие береміз. Екі сиыр сатып алып, сат немесе бақша өсіріп, мемлекетке төле. Жақсы жұмыс істесең, келесі жылы 5 есе (шағын несие) береміз. Ал мұнымен кім айналысқысы келмей қалаға барса, онда тегін оқытып, жұмысқа тұрғызамыз», - деді Елбасы.
Сонымен қатар Президент медициналық сақтандыруға көшуге әлі ерте екендігін ескертті.
«Бізде мұндай мәселелер бар кезде медициналық сақтандыруға көшеміз деп несіне айтасыздар? Алдымен мәселені шешіп алайық. Мәселе шешілгеннен кейін сіздермен және Парламентпен бірлесіп ортақ шешім қабылдаймыз», - деді Елбасы Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановқа қарата.