Нұрсұлтан Назарбаев: Тәуелсіздік жылдары Қазақстан экономикасына 108 миллиард доллар инвестиция тартылды

trong>. Маусымның 3-і. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Тәуелсіздік жылдары Қазақстан экономикасына 108 миллиард доллар инвестиция тартылды. Бұл Орталық Азия аймағындағы барлық шетелдік инвестияцияның 80 пайызын құрайды. Бұл туралы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бүгін Алматыда өтіп жатқан ІV Қазақстандық инвестициялық саммитте мәлім етті.
None
None

Өз сөзінде еліміздің көптеген халықаралық рейтинг агенттіктері индексіндегі өз ұстанымын айтарлықтай нығайтқанын жеткізген Мемлекет басшысы: «Қазақстан Халықаралық даму менеджменті институты индексі бойынша 2008 жылғы көрсеткіштен 2009 жылы 3 позицияға көтерілді. Қазір Қазақстан ТМД-ның ірі елдерін айтарлықтай артқа тастап, 33-ші сатыда тұр», деді. Дағдарысқа қарамай өткен жылы жағымды өсімге қол жеткізген еліміз ағымдағы жылы 4 айда жалпы ішкі өнімді 7 пайызға ұлғайтты.

«Қазір біздің елімізде шетелдік капиталдың қатысуымен 20 мың кәсіпорын жұмыс істейді. Біз шетелдік инвесторларды республикадағы Индустриялық-инновациялық даму бағдарламасын іске асыруға, экономиканың өзге де салаларына атсалысуға шақырамыз. Қазақстан қазір жаңа кәсіпорындарға зор мүмкіндіктер жасауда», деді Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев шетелдік инвестрларға қарата айтқан сөзінде.

Соңғы жаңалықтар