07:30, 16 Қыркүйек 2010 | GMT +5
Нұрсұлтан Назарбаев Түркия Президенті Абдулла Гүлмен кездесті
ЫСТАМБҰЛ. Қыркүйектің 16-сы. ҚазАқпарат /Мұратбек Мақұлбеков/ - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев сәрсенбі күні Түркия Президенті Абдулла Гүлмен кездесу өткізді.

Қазақстан Президенті Ыстамбұлда Түркітілдес мемлекеттер басшыларының Х саммитіне қатысу үшін Ыстамбұлға аттанғанын ҚазАқпарат бұған дейін хабарлаған болатын.
Бүгін, бейсенбі күні «Чираган» сарайында өтетін саммитке Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев, Әзірбайжан Республикасының Президенті Илһам Әлиев, Түрік Республикасының Президенті Абдулла Гүл, Қырғыз Республикасының Президенті Роза Отынбаева, Түрікменстан Президенті Құрбанқұлы Бердімұхаммедов қатысады. Саммиттің қорытындысы бойынша декларация қабылданады.