Нұржан Мақсотов БҚО жер қатынастары басқармасының басшысы болып тағайындалды

None
Фото: БҚО әкімдігінің баспасөз қызметі
ОРАЛ. ҚазАқпарат – ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің келісімі бойынша облыс әкімінің өкімімен Нұржан Ерболатұлы Мақсотов Батыс Қазақстан облысы жер қатынастары басқармасының басшысы лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО әкімінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, Нұржан Ерболатұлы 1978 жылы Батыс Қазақстан облысында дүниеге келген.

Білімі жоғары. Қазақ мемлекеттік заң университетін құқықтану мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 2000 жылы М.Өтемісов атындағы БҚМУ-де оқытушы болып бастады.

Әр жылдары БҚО әділет басқармасының жетекші маманы, 10 жылдан астам БҚО әкімінің аппаратының бас маманы және мемлекеттік-құқықтық жұмыс бөлімінің меңгерушісі, 2013-2020 жылдары аралығында БҚО кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары болып жұмыс істеді.

2020 жылдан бүгінгі күнге дейін БҚО кәсіпкерлер палатасының директоры қызметін атқарды.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Жұмагелді Батырниязовтың БҚО-ны Сырым ауданына әкім болып тағайындалғанын жазған едік.


Соңғы жаңалықтар