Жұмагелді Батырниязов БҚО-ның Сырым ауданына әкім болып тағайындалды

None
Фото: БҚО әкімдігінің баспасөз қызметі
ОРАЛ. ҚазАқпарат – ҚР Президент Әкімшілігінің және аудандық маслихат келісімімен, меритократия қағидаттарына сәйкес Сырым ауданының әкімі лауазымына Жұмагелді Жолдыбайұлы Батырниязов Сырым ауданының әкімі болып тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО әкімінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, Жұмагелді Жолдыбайұлы 1982 жылы Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданында дүниеге келген.

Білімі жоғары. Жәңгір хан атындағы Батыс-Қазақстан аграрлық-техникалық университетін қаржы және несие, Батыс Қазақстан инженерлік-гуманитарлық университетін құқықтану мамандықтары бойынша тәмамдаған.

Әр жылдары Сырым аудандық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау бөлімінің жетекші маманы, БҚО көлік және коммуникациялар басқармасының жетекші маманы, бас маманы, БҚО кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасында бөлім басшысы, БҚО әкімі аппаратында бас инспектор, бөлім басшысы, «Aqjaiyq» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» акционерлік қоғамында департамент директоры болып жұмыс істеді.

2021 жылдан бастап Батыс Қазақстан облысы кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасының басшысы қызметін атқарды.

Айта кетейік, Сырым ауданы әкімі қызметін осы кезге дейін атқарып келген Төлеген Серікқалиұлы Төреғалиев зейнетке шығуына байланысты қызметінен босатылды.


Соңғы жаңалықтар