Нұржан Өтепбаев БҚО кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасына басшы болып тағайындалды

None
Фото: БҚО әкімдігінің баспасөз қызметі
ОРАЛ. ҚазАқпарат – ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің келісімі бойынша облыс әкімінің өкімімен Нұржан Сапаргелдіұлы Өтепбаев БҚО кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО әкімінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, Нұржан Сапаргелдіұлы 1984 жылы дүниеге келген.

Білімі жоғары. Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетін құқықтану мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 2006 жылы «БанкЦентрКредит» АҚ Атырау филиалының заң бөлімінің заңгері болып бастады.

Әр жылдары «Аджип ККО» визалық қолдау жөніндегі кеңесші, «Эн Си Продакшн Оперейшнс компани Би Ви» ЖШ жеке компаниясы филиалының корпоративтік қызметін қолдау жөніндегі супервайзері, «Бейбарыс-Атырау» хоккейден облыстық мамандандырылған спорттық клубы» КМҚК директоры, «Алматы қаласының даму орталығы» АҚ «Almaty Innovations» инновацияларды дамыту орталығы директорының орынбасары, «Kazakh Invest» «Ұлттық компаниясы» АҚ өңірлік директоры болып жұмыс істеді.

Тағайындауға дейін «AQJAIYQ» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ басқарма төрағасы қызметін атқарды.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Нұржан Мақсотовтың БҚО жер қатынастары басқармасының басшысы болып тағайындалғанын жазған едік.


Соңғы жаңалықтар