Нығматулин мен Володин парламентаралық ынтымақтастықты нығайту мәселелерін талқылады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин Ресей Федерациясы Федералдық Жиналысы Мемлекеттік Дума Спикері Вячеслав Володинмен кездесті, деп хабарлайды Мәжілістің баспасөз қызметінен. Бұл - мәртебелі мейманның осы қызметке тағайындалғаннан кейінгі шетелдерге алғашқы ресми сапары.

Кездесу барысында Мәжіліс Спикері елдер парламентшілерінің ынтымақтастығы қос мемлекет халықтарының мүддесі жолында нығая түсетіндігін атап өтті.  

Екі ел басшыларының өзара түсіністік пен достық қарым-қатынастарының арқасында даму биігіне бет бұрған  ықпалдастыққа айрықша назар аударған Мәжіліс Спикері:

« Бүгінгі күні Қазақстан  және  Ресей Федерациясы арасындағы    стратегиялық әріптестік  жыл сайын   жоғары деңгейге  көтеріліп келеді.

Ол  - екі елдің  Президенттері Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев пен Владимир Владимирович Путиннің салиқалы саясаттарының нәтижесі. Осы жолда  Парламент Мәжілісінің және  Мемлекеттік Думаның  негізгі міндеті  тиімді заңдар қабылдау», - деді.

Н. Нығматулиннің айтуынша, бүгінгі күні біздің елдеріміздің арасында сенімді саяси үнқатысу жақсы жолға қойылған, жүйелі экономикалық қатынас орнаған, қауіпсіздік саласындағы ықпалдастық тиімді дамып келеді.  

Мәжіліс Төрағасы сондай-ақ, екі ел парламенттерінің арасындағы өзара іс-қимылдың да өте жоғарғы деңгейде қарқын алып отырғанын айтты. Оған Ресей Спикерінің 25 жылдық мерейтой қарсаңында алғашқы ресми сапарын Қазақстаннан бастауы дәлел деуге болады. Ресей делегациясының құрамында Мемлекеттік Дума комитеттерінің төрағалары да бар.

Жүздесу барысында Мәжіліс Спикері Ресей Федерациясының Конституция күнімен құттықтап, Ресей халқына бейбітшілік пен гүлдену тіледі. Өз кезегінде Ресей Спикері В. Володин де Қазақстан тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойының маңызы зор екенін алға тарта келіп:

«Біздің кездесуіміз Қазақстан үшін айрықша маңызды кезеңде өтіп жатыр. Тәуелсіздіктің 25 жылдығы. Осы уақыттар ішінде Қазақстанның қалай өзгергенін көріп отырмыз. Астананың кереметтігіне де көзіміз жетті. Бұл жерде Қазақстан Президентіне арнау айрықша болмақ. Себебі, Мемлекет басшысының әрбір қадамы, әрбір шешімі Қазақстан халқының өмір сапасын арттырып, мемлекеттік даму жолына жетелеп отыр.  Ресей парламентшілерінің атынан Қазақстан азаматтарын тәуелсіздік күнімен құттықтаймын»,-деді.  

Одан әрі тараптар парламентаралық ынтымақтастықтың одан әрі тереңдетудің өзекті сұрақтарын талқылады.

 

Соңғы жаңалықтар
telegram