Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Нью-Йорк полициясында қызмет етіп жүрген қазақ жігіттері кімдер

АСТАНА. KAZINFORM — АҚШ-тың Нью-Йорк қаласының полиция департаментінде этникалық қазақтар қызмет атқарып жүр. 

Нью-Йорк полициясында қызмет етіп жүрген қазақ жігіттері кімдер
Фото: Ішкі істер министрлігі

Қазақстанның Ішкі істер министрлігінің хабарлауынша, Нью-Йорк полициясында қызмет ететін қазақтардың бірі — Мирас Бүкешев. Ол 2000 жылы Таразда дүниеге келген. Мектепті туған қаласында тәмамдап, 2018 жылы АҚШ-қа қоныс аударған. 2023 жылдан бері Нью-Йорк полиция департаментінде қызмет атқарады.

Ал Данияр Нұртаза АҚШ-қа отбасымен бірге 2002 жылы көшіп барған. Ол 2014 жылы Нью-Йорк полициясының қатарына қабылданған. Данияр Нұртаза 2015 жылы Нью-Йорк метросы станцияларының бірінің маңында толғағы басталған әйелге көмектесіп, босандырып алғаннан кейін көпшілікке танылған. Оның бұл әрекеті қоғам тарапынан жоғары бағаланып, тәртіп сақшысының өмірі мен қызметі туралы деректі фильм де түсірілген.

Қазақстанның ішкі істер министрі Ержан Сәденов АҚШ-қа жұмыс сапары барысында Нью-Йорк полициясында еңбек етіп жүрген қазақтармен кездесіп, олардың қызметі мен кәсіби жолын талқылады. Министр шетелде жүрген отандастардың жетістігі Қазақстанның беделін арттыруға үлес қосатынын айтып, оларға алғыс білдірді.

Еске салайық, бұған дейін эскорт взводының жұмысы туралы материалда Рим Папасы Қазақстанға сапары кезінде барлық 14 инспекторға жеке медаль табыстағанын жазғанбыз.