О.Сүлейменов БҰҰ-ға Халықаралық ядролық сынақтан зардап шегушілерге көмек қорын құруды ұсынды

АСТАНА. Тамыздың 26-сы. ҚазАқпарат /Марлан Жиембай/ - О.Сүлейменов БҰҰ-ға Халықаралық ядролық ролық сынақтарға қарсы іс-қимылдың күніне орай ұйымдастырылған конференция барысында жасады.

О.Сүлейменов БҰҰ-ға Халықаралық ядролық сынақтан зардап шегушілерге көмек қорын құруды ұсынды

«Қазақстан жалғыз өзі біздің өз мойнымызға алып отырған ауыртпалықты еңсере алмайды. Сондықтан дәл осы күні біз БҰҰ тек Семейде ғана емес, осындай сынақтар орын алған жер бетінің басқа да бөліктерінде Халықаралық сынақтан зардап шегушілерге көмек қорын ұйымдастыруды қолға алуын ұсынғымыз келеді», деді ЮНЕСКО жанындағы еліміздің тұрақты өкілі Олжас Сүлейменов.

Оның атап өтуінше, ядролық сынаққа халықаралық мораторий жарияланған 20 жылдан бергі уақытта үнемделген қаражат аталған қордың құрылуына негіз бола алады. Өйткені бұл аралықта мыңнан астам жарылыстар болған жоқ. Соның арқасында Ядролық клуб елдері миллиардтаған долларды үнемдеп отырғандығын алға тартқан О.Сүлейменов «тым болмағанда осы қаржының бір бөлігі қордың негізі бола алады және ғаламшардың барлық аумағындағы халықтың денсаулығын жақсартуға бағытталар еді», деп қорытты сөзін.