Обама әкімшілігінің сыртқы саясаттағы ұстанымы тиімді әріптестікке негізделеді ? Ричард Хоугланд

АСТАНА. Қаңтардың 28-і. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Обама әкімшілігінің сыртқы саясаттағы ұстанымы тиімді әріптестікке негізделеді. Бүгін АҚШ-тың елордадағы елшілігінде журналистермен жүздескен Америка Құрама Штаттарының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Ричард Хоугланд осылай мәлімдеді,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Барак Обаманың Президент болып сайлануы Америка тарихындағы жаңа белес десе болады. Мемлекет басшысы қызметіне кіріскен бір аптаның өзінде ғана Обама әкімшілігінің ұстанымы өзгелерге деген құрметке негізделген тиімді әріптестікке бағытталатындығын көрсетті. Ал Құрама Штаттардың жаңа Мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтон сыртқы саясаттың қатаң идеологияға емес, принцип пен прагматизмге негізделетінін атап көрсетті. Мен бұл прагматизмнің алдағы уақытта өзге елдермен, оның ішінде Қазақстанмен де жақсы әріптестік қатынас орнатуға үлкен септігін тигізеді деген ойдамын. Мемлекеттік хатшы бұдан арғы сөзінде «Біз үшін ең бастысы белгілі бір проблеманы шешу жолындағы жауапкершілік емес, керісінше сол проблеманың өзі басты мәселе болмақ. Біз кез-келген қатерге төтеп беріп, кез-келген қатені түзеуіміз қажет. Сондай-ақ кез-келген дау, жанжалды да реттеуіміз керек» деді. Осы сөздері арқылы АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы АҚШ-тың күш-қуатының белгілі бір шегі бар екендігін, алайда біздің болашақта жалғасын таба беруі тиіс құндылықтарымыздың шегі жоқ екендігін меңзеген болуы керек», деді елші. Оның айтуынша, кеше ғана «Әл Арабия» телеарнасына берген сұхбатында АҚШ Президенті «біз өзгелерге шарт қоймаймыз, біз оларды тыңдаймыз» деген болатын. «Менің пікірімше, бұл ? өзгелерді тыңдап, олардың жан-дүниесін түсіне білуге, яғни өзгелермен мықты әріптестік орнатуға бағытталған қарышты қадам. Ал бұл мәселедегі менің міндетім ? екі мемлекеттің Үкіметтері арасындағы байланыстарды нығайту», дейді Ричард Хоугланд.
Соңғы жаңалықтар