Облыс әкімдіктерінде бала құқықтарын қорғау басқармалары құрылады

АСТАНА. KAZINFORM – Облыс әкімдіктерінің құрамында жаңа басқарма пайда болады. Бұл туралы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева Instagram-дағы парақшасында жазды. 

Облыс әкімдіктерінде бала құқықтарын қорғау басқармалары құрылады
Фото: Максат Шагырбаев/ Kazinform

— Құрметті достар! Балаларды қорғау ісіндегі басты жаңалық — өңірлерде Бала құқығын қорғау жөніндегі басқармалар құрылатын болды. Ал аудандарда бөлімдер құрылады, — деп жазды уәкіл.

Динара Зәкиева бұл бастама Мемлекет басшысының бала құқығын қорғау жүйесін нығайту бағытындағы саясатымен үндес екенін айтады.

— Біз бір жыл бойы Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қариннің, Президент әкімшілігінің, Бала құқықтарын қорғау комитетінің қолдауымен жұмыс істедік, — деп жазды ол әлеуметтік желідегі ресми парақшасында.

Еске салсақ, кеше ол Алматы облысындағы мектептерде жүргізілген анонимді сауалнаманың жаңа ұстатар мәліметтерін көпшілік назарына ұсынған еді

Соңғы жаңалықтар