Облыстық ақпараттық-насихаттық топ мүшелері Қызылорда қаласына қарасты ауылдарды аралады

ҚЫЗЫЛОРДА. Ақпаннның 24-і. ҚазАқпарат /Руслан Игілік/ - Облыстық ақпараттық-насихаттық топ мүшелері Қызылорда қаласы мен қала аумағына қарасты елді мекендерді аралады,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Олар көпшілікке Елбасының биылғы Жолдауынан туындайтын маңызды міндеттерді жан-жақты жеткізіп, халықпен ашық пікірлесті. Тасбөгет кентіндегі С.Майқанова атын­дағы мәдениет үйінде облыстық мәслихат депутаты Елеусін Дүйсенов бастаған топ тұрғындармен келелі әңгіме өткізді. Олар ел-жұрт­қа Елбасы Жолдауының ха­лықтық маңызын аша айтты. №257 мектеп дирек­торы, қалалық мәслихат депутаты Нәзира Жаппарова алдағы кезеңдерде ат­қары­латын ізгі жұмыстарды көрсетіп берген Жолдауға өз саласы бойынша тоқталды. Тұрғындар жер учаскесінің, жол мәселе­сінің төңірегіндегі ойларын ортаға салды.

Осындай кездесудің бірі облыс орта­лығындағы №3 мектеп-гимназия­да болды. Осы жиында Қорқыт ата атындағы Қызыл­орда мем­лекеттік университетінің оқытушысы Айтжан Оразбақов ғы­лым мен білімге баса көңіл бөлген Елбасы бағытының орындалуына әр кісінің үлес қосу тиіс екенін келтірді. Сондай-ақ топ мүшесі, өзбек ұлттық-мәдени орталығының жетекшісі Ашур Хами­дов бірлік пен достық, еңбеккерлік хақында сөз қозғады.

Соңғы жаңалықтар