Облыстық прокуратура конституциялық құқықтарының қорғалуын үнемі назарда ұстап келеді - Қызылорда

ҚЫЗЫЛОРДА. Ақпанның 19-ы. ҚазАқпарат /Руслан Игілік/ - Облыстық прокуратура органдары азаматтардың конституциялық құқықтарының қорғалуын үнемі назарда ұстап келеді,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Соның дәлеліндей, атқарылған жұмыстар мен азаматтардың еңбек құқықтарының бұзылуы бойынша дер кезінде қолданылған ықпал ету шаралары нәтижесінде 45 кәсіпорынның 10 мыңнан астам жұмысшылар алдындағы 642 млн. теңге жалақыға қарыздың төленуі қамтамасыз етілді. Прокурорлық ықпал ету актілерінің қорытындысымен «Қызылордажылуэлектрорталығы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнынан - 27 млн., «Альянс» ЖШС-дан - 23 млн., «Аралтұз» және «Сырдария мұнай» акционерлік қоғамдарынан тиісінше 80,3 және 73,2 млн., «Су құбыры» МҚК-дан - 100 млн. теңге, басқа да мекемелерден жалақы қарыздары өндірілді.

Соңғы жаңалықтар
Референдум