Оқ жарақатымен жатқан науқастың суретін WhatsApp арқылы таратып жіберген мейірбике жұмыстан қуылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ресейдің Амур облысында ауруханада оқ жарақатымен жатқан науқасты заңсыз түрде суретке түсіріп, фотоны WhatsApp арқылы таратқан мейірбике қызметінен босатылды, деп хабарлайды аймақтық прокуратураға сілтемемен РИА Новости.

«2016 жылдың 14 ақпанына қараған түні аурухананың қабылдау бөліміне оқ жарақатын алған жергілікті тұрғын жеткізілгені анықталды. Оған медициналық көмек көрсету кезінде хирургия бөлімінің мейірбикесі науқастың келісімінсіз оны суретке түсіріп алған. Одан кейін суретті WhatsApp арқылы танысына жіберген, өз кезегінде танысы бұл суретті ғаламторда жариялаған. Осылайша науқастың суреті тарап кеткен», - делінген хабарламада.

РФ заңнамасына сәйкес, азаматтың медициналық қызметке жүгінуі, оған медициналық көмек көрсету, денсаулық жағдайы және тағы басқалары дәрігерлік құпия болып саналады. Тәртіп бұзған Уткина. А. Л. есімді мейірбике жұмыстан шығарылды.

Соңғы жаңалықтар