ОҚО: Аудан орталығындағы аула алаңшаларының құрылысы аяқталды

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай Отырар ауданының орталығындағы Дүйсенбай Алтынбеков көшесінің бойындағы №13,15 тұрғын үйлердің аула алаңшаларының құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді, деп хабарлайды аудан әкімдігінің баспасөз қызметі. Көпқабатты тұрғын үйлердің көркіне сән қосып, ажарын арттырған аула алаңшаларының ашылуына аудан әкімі Ерлан Айтаханов арнайы қатысып, тұрғындарды қуаныштарымен құттықтады.
None
None

«Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейлі мерекесі шәуілдірліктер үшін тамаша тартумен келді. Осыдан біршама уақыт бұрын «Шәміл-Дүр» жастар саябағы қайта жаңғыртылды. Бүгін орталық көшелеріміздің бірі - Дүйсенбай Алтынбеков көшесі бойындағы №13,15 тұрғын үйлердің аула алаңшалары пайдалануға берілгелі отыр. Бұл - тұрғындарға деген құрмет және «Тәуелсіздікке тарту» болса, халыққа жасалған игі істің бірі. Алдағы күндері осындай 7 аула алаңшалары пайдалануға беріледі. 

Елбасымыздың саясатын жүзеге асыру, тұрғындарға қолайлы жағдай жасау мақсатында келер жылы 10 алаңша салу жоспарланып отыр»-деп, түйіндеді сөзін аудан басшысы. Тұрғындарды зор қуанышқа бөлеген шарада салтанатты лента қию құрметіне аудан әкімі Ерлан Қуанышұлы, ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Мырзахмет Темірбеков пен депутат Аралбай Асандар ие болды. Шара соңы өнерпаздардың концерттік бағдарламаларымен ұласып, жастар ойын алаңдарында спорттық жарыстар ұйымдастырды.

Соңғы жаңалықтар