ОҚО-да «Әлем балалардың көзімен!» көрмесі өтті (ФОТО)
Іс-шараның мақсаты - мүмкіндігі шектеулі дарынды да өнерлі балалар мен жасөспірімдерді анықтау, олардың шығармашылығына қолдау көрсетіп насихаттау, оларға бағыт-бағдар беріп, өмірге деген құштарлығын арттыру, қоғам өмірінің барлық салаларында мүмкіндіктері шектеулі адамдардың шығармашылық әлеуетін дамытуға және өзін-өзі танытуға жәрдемдесу болып табылады.
Шараға аудан, қалалардағы шығармашылыққа бейім, бейнелеу өнеріне қызығушылығы жоғары, мүмкіндігі шектеулі 50 шақты жастар қатысты.
Шараға қатысушы жастар шығармашылық көрменің арнайы ережесіне сәйкес, Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығы мен Астана қаласының күніне орай, сурет салып, өз шығармашылық қабілеттерін көрермен назарына ұсынды.
Үздік деп танылған суретші жастар бағалы сыйлықтармен, қатысушы жастар арнайы ынталандыру сыйлықтарымен марапатталып, үздік деп танылған 5 шығарма иегерлері Астана қаласына 3 күндік тегін экскурсияға жолдама алды.