ОҚО-да «Атамекен» бақылау-өткізу қосынының құрылысы аяқталды

ШЫМКЕНТ. 15 мамыр. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысында Мақтаарал кеден бекетінде «Атамекен» бірыңғай бақылау-өткізу қосынының құрылысы аяқталды.
None
None

«Қосын арқылы күн сайын 5 мың адам, 100 жеңіл көлік және 60 жүк көлігі өте алады», - деді ОҚО бойынша Кедендік бақылау департаментінің баспасөз хатшысы Баян Қайыпова.

Ол сондай-ақ атап көрсеткендей, ОҚО бойынша КБД-нің барлық кеден бекеттері кедендік бақылауды толыққанды өткізуге мүмкіндік беретін - техникалық құралдармен жарақталған. Осылайша, 4 ай ішінде департаменттің қызметкерлері 9 қылмыстық іс қозғады. Оның 7-еуі экономикалық контрабандаға, 1-еуі есірткі контрабандасына қатысты болса, 1-еуі кеден төлемі мен салық төлеуден бас тарту бойынша.

«Аталған қылмыстық істер бойынша 47 млн. 798 мың теңгеге тауарлар тәркіленді. Соттың үкімі бойынша мемлекеттің кірісіне 11 млн. теңгенің тауарлары тәркіленді. Анықталған экономикалық қылмыстар бойынша 46 млн. 395 теңгенің мемлекеттік шығыны өтелді», - деді баспасөз хатшысы.

Соңғы жаңалықтар