ОҚО-да атаулы әлеуметтік көмектің жаңа тәсілі түсіндірілді

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Келер жылдан бастап елімізде атаулы әлеуметтік көмек форматы өзгереді. Осы ретте Оңтүстік Қазақстан облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының өкілдері тың жаңалықты халыққа түсіндіре бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Сайрам және Төлеби аудандарының осы салаға жауапты мамандары арнайы  оқыту семинарынан өтті. Онда осынау тақырып аясында Астанада білімін жетілдіріп қайтқан арнайы мамандар атаулы әлеуметтік көмек көрсету тәртібінің өзгерістерін жан-жақты түсіндіріп  берді.   Айтуларынша, жаңаша атаулы әлеуметтік көмекті тағайындаудағы басты мақсат - халықты масылдықтан арылтып, осынау жәрдемге мұқтажадарды  кедейшілік құрсауынан шығару болып табылады.  Бұл көмек табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің 50 %-ынан төмен отбасылар мен азаматтарға шартсыз немесе шартты ақшалай көмек түрінде тағайындалады. 

Шартсыз ақшалай көмек еңбекке қабілетті мүшелері жоқ отбасыларға тиесілі болады. Ал шартты ақшалай көмек жұмысқа қабілетті кем дегенде бір мүшесі бар аз қамтылған отбасыларға ұсынылады. Алайда бұл ретте олар жұмыспен қамтудың белсенді шараларына міндетті түрде қатыстырылады.  Әлеуметтік келісімшартқа қол қоя отырып, тараптар өзара міндеттер алады. Әлеуметтік қызметтер  жұмыспен қамтуға жәрдемдесуге күш салуға және төлемдерді төлеуге, ал отбасының еңбекке қабілетті мүшелері  отбасын аз қамтылған топ құрамынан шығаруға бағытталған әлеуметтік бейімдеу мен жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына адал қатысуға міндеттенеді. Жаңаша формат тұрғынға жай ақшалай көмек беріліп қана қоймай, оның жұмысқа тұруына қолдау көрсетуге мүмкіндік береді.  Түрлі қайта даярлау және біліктілігін арттыру курстарына жіберіліп, шағын несие беріледі. Осылайша, отбасының кедейшілік шегінен шығуға әлеуеті ынталандырылады.  Ал осынау кешенді шараларды жүзеге асыру үшін басқармаға бағынышты мекемелердің материалдық-техникалық мүмкіндіктерін күшейту қажет,- дейді сала басшысы.
null

 Бұл ретте Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Мұхит Отаршиев көп құжаттамалардың  электронды түрде жүргізілетінін жеткізіп, жергілікті билік өкілдеріне осы мәселены мықтап қолға алу қажеттігін атап өтті.

   Айта кетейік, сала мамандары атаулы әлеуметтік көмек көрсетудің жаңа тәсілдері «Өрлеу» жобасы аясында сынақтан өткізіле отырып, өзінің тиімділігін көрсетті дейді.

Айта кетейік, облыста осыған дейін құрамында 100 мыңнан аса  адамы бар 20 мыңдай отбасы осынау көмекке қол жеткізіпті.  Оның ішінде жобаның 22 мыңнан аса еңбекке қабілетті мүшесі жұмыспен қамтудың белсенді шараларына қатысқан. Бұл жобаға қатысушылардың табысының 4,2 есеге дейін өсуіне мүмкіндік берді. Көңіл қуантарлығы сол, бұл бағыттағы шараларды іске асыруда оңтүстік өңірі бүгінде республикада көш бастап тұр.

Соңғы жаңалықтар