ОҚО-да «Ұлы дала кілемдері» жәрмеңкесі өтуде
Шілде айының 9-ына дейін, яғни 3 күн бойына жалғасатын жәрмеңкеде қонақтардың назарына 1 мыңнан астам кілемдер мен оның түрлері ұсынылуда. Шара аясында арзандатылған бағада кілем түрлерін сатып алуға болады.
Еске салайық, компания қазіргі заманғы бельгиялық жабдықта синтетикалық «БПК», «Жылу - Set», «Frize» полипропилен жіп брендтерінен жасалған кілемдер өндіреді. Компанияның өнімдері «Тұран», «Хан-Теңірі», «Лидер», «Алатау», «Сарыарқа», «Барыс», «ANTIQUE IMPERIAL», «ASTANA DELUXE», «VIZION», «FRIZE», «KASHAN», «SILK» сауда белгілерімен шығады.
Кілем фабрикасының жалпы ауданы 6 гектарды құрайды. Ал өндірістік қуаты жылына 5 млн. шаршы метр кілем тоқуға қауқарлы. Өндірісте 200-ден астам адам жұмыспен қамтылса, 500-ден астам адам дизайнерлік міндетін атқарады. Айта кету керек, «Бал текстиль» фабрикасының Қазақстан бойынша 400-ден астам дистрибьюторы бар.
Компания болашақта бүкіл әлемде кiлемдердiң және кiлем бұйымдарының көшбасшы өндiрушiсі болуды мақсат етуде.