ОҚО-дағы Shymkent Open турнирінде беларусь теннисшіcі жеңімпаз атанды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның Шымкент қаласында өткен Shymkent Open турнирінде беларусь теннисшісі Ярослав Шило жеңімпаз атанды, ал жарыстың жүлде қоры $15 мың қаражатты құраған еді, деп хабарлайды Беларусь теннис федерациясынан.

ОҚО-дағы Shymkent Open турнирінде беларусь теннисшіcі жеңімпаз атанды

Ақтық сайыста турнирдің үшінші ракеткасы Ярослав Шило екі сетте эстониялық Владимир Ивановты 6:4, 6:3 есебімен жаңіп, жеңімпаз атанған.

Бұл Я.Шило үшін ITF турнирлеріндегі екінші титулы болып табылады.