ОҚО ҚХА Қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы сайланды

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - ОҚО-да Қазақстан халқы ассамблеясы Қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы сайланды.

ОҚО ҚХА Қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы сайланды

Облыстық әкімдік баспасөз қызметінде хабарланғандай, төраға болып «Парасат», «Құрмет белгісі» ордендерінің кавалері, қоғам қайраткері, ҚР Парламенті Сенатының депутаты, Қазақстан халқы ассамблеясының мүшесі Орынбай Рахманбердиев тағайындалды.

Облыста 197 қоғамдық келісім кеңесі құрылды, оның мүшелерінің саны 1600-ден асады. Өңір басшысының төрағалығымен отырыста ҚХА Қоғамдық келісім кеңесінің Үлгі ережесін жаңарту мәселелері талқыланып, 2015 жылғы облыстық ассамблея жұмыстарының қорытындысы шығарылды. Бұдан басқа, жиналған қауым осы жылға қойылған міндеттер мен ҚР Тәуелсіздігінің 25-жылдығына арналған шараларды талқылады.

ОҚО әкімі Б. Атамқұлов барша жиналғандарға ұлтаралық келісімді, азаматтық бірлік мен бейбітшілікті нығайтуға үлес қосқандары үшін алғыс білдірді. Қалалар, аудандар әкімдеріне этникааралық келісімді сақтау және халық бірлігін нығайту үшін азаматтық қоғам институттары мен мемлекеттің өзара іс-әрекетінің тиімділігін одан әрі арттыра беруді тапсырды. Әр ауылда «Ана клубтарын» құруды тапсырды. Оның жас ұрпақты тәрбиелеуде маңызы аса зор.