ОҚО: Отырар ауданында «Ұлы Дала елі» атты дөңгелек үстел отырысы өтті
Дөңгелек үстелге аудан әкімі Ерлан Айтаханов қатысып, көпшілікті мерейлі мерекемен құттықтады. Құттықтау сөзінде «Ұлы Дала елінің азаттығы болашақ ұрпаққа аманат. Өткен жылы Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев: «Біз ұлы даланың ұрпағымыз. Бұл даланы ата-бабамыз бізге қалдыру үшін қанын төгіп қорғаған. "Қазақстан" деген атаумен қатар, "Ұлы Дала елі" атауы да қолданылса дұрыс болады» деген еді. Қалың қазақтың ыстық ықыласына бөленген ұсыныс қолдау тапқаны да белгілі. Ал, бүгінде біздің мақсатымыз ел Президентінің сындарлы саясатын қолдай отырып, «Ұлы Дала елін» жастар арасында насихаттау, Егемендігімізді тұғырлы ету» деген аудан әкімі жұртты кемел келешек жолында аянбай еңбек етуге шақырды.
Жиында көпшілік «Ұлы дала елі» - ұлт мұраты», «Қазақстан тарихындағы белесті кезеңдер - Тәуелсіздік жетістіктері», «Мәңгілік Ел - ортақ мақсат, ортақ мүдде» деген тақырыптары бойынша ой бөліссе, Бекжан Бейсенбай, Сағындық Қыдырлар жас шәкірттерге түркі халқының тарихымен таныстырып өтті.
Жиын соңы құнды рухани мұралар қамтылып, Отырар археологиялық мемлекеттік қорық-мұражайының ұсынған көрмені аралаумен аяқталды.