Оқу-ағарту және Ғылым министрліктері білім саласындағы ведомствоаралық кеңес құрды

АСТАНА. ҚазАқпарат – Екі министрлік арасында білім саласындағы қоғамдық қатынастарды жетілдіріп, мемлекеттік саясаттың негізгі басымдықтарын айқындаумен айналысатын ведомствоаралық кеңес құрылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None

Аталған кеңесті жасақтау туралы бұйрыққа Оқу-ағарту мен Ғылым және жоғары білім министрлері қол қойды.

«Білім беру саласындағы қоғамдық қатынастарды жетілдіру, осы саладағы мемлекеттік саясаттың негізгі қағидаттарын айқындау, нормативтік құқықтық актілерді өзектендіру мәселелері жөніндегі ведомствоаралық кеңес құрылсын», - делінген Ғылым және жоғары бірім министрлігінің ресми сайтында жарияланған бірлескен бұйырықта.

Құжатта көрсетілгендей, қеңес мына міндеттерді атқарады:

- білім саласындағы бірыңғай мемлекеттік саятатты қалыптастыру;

- білім беру саласындағы ұлттық басымдықтарды айқындау;

- білім беру саласындағы нормативтік-құқықтық актілерді жетілдіру бойынша ұсыныстарды қарау және әзірлеу;

- барлық деңгейлерде білім алу үшін қажетті жағдай жасау.

Кеңес құрамына екі министрліктің басшылары мен өзге де өкілдері енеді.


Соңғы жаңалықтар