Оқушы жаттықтырушыны әдейі атуы мүмкін бе?

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ресейдің Кемерово облысының тергеушілері оқушы қолынан қаза тапқан бапкердің өліміне қатысты тергеу амалдарын жүргізіп жатыр, деп хабарлады Росбалт.
None
None

Болашағынан зор үміт күттіретін кәмелетке толмаған оқушы бапкерді әдейі өлтіруі мүмкін бе?

Оқ атқан кезде 25 жастағы жаттықтырушы Андрей Киселев оқушысының қалай оқ ататынын бақылауға дайындалып, үстелге отырады. Кенет алдында тұрған оқушының оқыс бұрылып атқан оғы бапкердің басына тиеді. Дәрігер шақыртылғаныменжаттықтырушы жедел жәрдем көлігінде көз жұмады. Жасөспірімнің айтуынша, ол қаруда оқ жоқ деп ойлаған.

Қайғылы оқиға 13 маусымда болғанымен, бақылау камерасында жазылған видео жақында Интернетке шығып, көпшіліктің талқысына түсті.

Соңғы жаңалықтар