Ольга Рыпакова Рио-2016 ойындарына дайындығы жайында: Бәсеке тартысты болады, алайда біз оған дайынбыз

АСТАНА. ҚазАқпарат - Төрт жылдағы басты спорттық сын - Оңтүстік Америкада өтетін жазғы Олимпиада ойындарына бір айдан аз уақыт қалды. Жеңіл атлетикада Қазақстан үш қарғып секіруден Лондон Олимпиадасының чемпионы Ольга Рыпаковаға зор үміт артып отыр.
None
None

Бұл бойжеткен үшін спорттың жолындағы үшінші Олимпиада болмақ.

Жеңіл атлеттің сөзіне қарағанда, дайындық қызу жүріп жатыр.

«Жоспарланған дайындық кезеңдерінен өтіп жатырмыз. Көп еңбектеніп жатырмыз.  Әрине, Лондондағы сынға қарағанда әлдеқайда қиын болады. Титулға қол жеткізуден гөрі оны сақтап қалу қиын. Жақсы нәтижелер көрсетіп жатқан жас спортшылар да есейді. Яғни қатарынан үш рет секіруде бәсеке жоғары. Оңай болмайды. Мерзімінен бұрын жеңіс туралы айтпай-ақ қояйын. Бағым жанады деп үміттенемін», - деді спортшы.

13 шілдеде Ольга Рыпакова Европаға ұшып, «Бриллиантовая лига» кезеңіне қатысады. «Ол жерден Португалияға аттанамыз. Онда Олимпиада алдындағы жиын болады, осыдан кейін, бәлкім 4 тамызда Риоға ұшамыз. Жаңа сағат белдеуіне үйрену үшін он күн бұрын  Бразилияға барамыз. 13 тамызда іріктеу кезеңінде өнер көрсетемін, 14-і  финалдық бәсекелер өтеді», - деді     Ольга Рыпакова sports.kz сайтына берген сұхбатында.

Соңғы жаңалықтар