Олимпиада-2012: 10 шақырымға жүзуден Ю.Кудинов көш соңында келді
АСТАНА. 10 тамыз. ҚазАқпарат - 10 шақырым қашықтықта ашық суда жүзуден өткен жарыста жерлесіміз Юрий Кудинов 22-орында келді.
Ю.Кудинов 25 шақырым қашықтықта 2007 жылғы Әлем чемпионы. Ол Ла-Манш бұғазын жүзіп өтіп, адамзат тарихында бұғазды жүзіп өту уақыты бойынша үшінші көрсеткіш көрсеткенін айта кету керек.