07:01, 02 Тамыз 2012 | GMT +5
Олимпиада-2012: И.Дычко келесі жекпе-жегін канадалық Саймон Кейнмен өткізеді
АСТАНА. 2 тамыз. ҚазАқпарат - Қазақ елінің намысын Тұманды Альбион елінде 91 келі салмақ санатында қорғаушы боксшымыз Иван Дычконың келесі қарсыласы белгілі болды.

Ол - канадалық Саймон Кейн. Жекпе-жек 7 тамыз күні Астана уақыты бойынша 04:00-де өтеді.
Естеріңізге сала кетейік, 1/8 финалда И.Дычко қарсыласы германиялық Эрик Пфайферді бірінші раунда-ақ нокдаунға жіберген болатын. Дегенмен немістің тәжірибелі боксшысы есін жиып, жарысты соңына дейін жалғастыра алды. Ал 21 жастағы Қазақстан ұлттық құрамасының күрзі жұдырық жігіті 14:4 есебімен жеңіске жетіп, келесі айналымға шыққан еді.