Олимпиада-2012: Кайяк жарысында Н.Сергеева финалға өтпеді
АСТАНА. 10 тамыз. ҚазАқпарат - Лондон Олимпиадасында 200 метрге кайякпен жарыста Наталья Сергеева өз жарысын жартылай финалмен тоқтатты.
36 жастағы Н.Сергеева 42.602 секундта мәре сызығын кесіп, өз тобында жетінші орын, ал жалпы тізім бойынша 24 спортшының ішінде 19-орынға қол жеткізді.