Олимпиада-2012: Қазақстандық ескекшілер үздік ондыққа енді
АСТАНА. 11 тамыз. ҚазАқпарат - Бүгін Лондон Олимпиадасында қазақстандық ескек есушілер Евгений Алексеев пен Алексей Дергунов өз тобында мәре сызығын бірінші болып кесіп өтті.
200 метр қашықтықты олар 35,494 секундтың ішінде жүріп өтіп, өз тобында үздік көрсеткішке ие болды. Бірақ жалпы командалық есеп бойынша 9-шы орынға табан тіреді.