Олимпиада-2012: Таэквандошы Гүлнафиз Айтмұхамбетова алғашқы кездесуінде жеңіліс тапты
АСТАНА. 10 тамыз. ҚазАқпарат - ХХХ Жазғы Олимпиада ойындарында таэквандошы Гүлнафиз Айтмұхамбетова алғашқы кездесуінде жеңіліс тапты.
67 келіге дейін іріктеу сынында ол Словения спортшысы Франка Аникпен жекпе-жек өткізген болатын. Тартысты додада қазақстандық спортшының жолы болмады. Жекпе-жек 11:15 есебімен словениялық таэквандошының басымдығымен аяқталды.