Олимпиада-2018: Дүйсенбі қазақстандықтар жалғыз спорт түрінен сынға түседі

ПХЕНЧХАН. ҚазАқпарат - Оңтүстік Кореяның Пхенчхан қаласында өтіп жатқан ХХIII қысқы Олимпиада ойындарында 19 ақпан күні қазақстандықтар жалғыз спорт түрінен сынға түседі,  деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Олимпиада-2018: Дүйсенбі қазақстандықтар жалғыз спорт түрінен сынға түседі

Бүгін қазақстандықтар жарыс кестесіне сәйкес тек, коньки спортынан ерлер арасындағы 500 метр қашықтыққа жүгіруден сынға түседі. Жарыс Астана уақытымен 17:53-те басталады. Бұл сында Артем Крикунов, Станислав Палкин және Роман Креч мұз айдынға шығады.