12:57, 06 Тамыз 2012 | GMT +5
Олимпиада чемпиондары И.Ильин мен О.Рыпакова бүгін елге оралады
АСТАНА. 6 тамыз. ҚазАқпарат - Бүгін, тамыздың 6-сы күні Лондон Олимпиадасының чемпионы, әлемдік рекордсмен Илья Ильин кешкі рейспен Алматыға ұшып келеді.

Ал түнде Лондон Олимпиадасының алтын медалін жеңіп алған О.Рыпакова мінген ұшақ Алматы әуежайына қонады.
Ұлттық штаттық командалар және спорт резерві дирекциясының Алматыдағы филиалы хабарлағандай, И.Ильиннің рейсі кешкі сағат 21:10-ға белгіленіп отыр. «Лондон - Астана» әуерейсінің нөмірі - 991.
Одан кейін түнгі сағат 1:30-да №646 «Франкфурт-Астана» рейсімен үш секіріп қарғудан Лондон Олимпиадасының чемпионы Ольга Рыпакова келеді.
Ел мақтаныштарын қарсы алу салтанаты Алматы әуежайының VIP-залында өтеді.