Олимпиада: Д.Ниязбеков жартылай финалда сүрінді
АСТАНА. 10 тамыз. ҚазАқпарат - Еркін күресші Дәулет Ниязбеков финалда «алтын» медаль үшін жекпе-жекті өткізбейтін болды.
Ол финалдық жарысқа берілер жолдама үшін күресте ресейлік әккі палуан Жамаль Отарсұлтанға жеңілді.
Еске сала кетейік, Әлем чемпионатының қола жүлдегері, Қазақстан чемпионы Дәулет Ниязбеков Лондон Олимпиадасында ширек финалдық белдесуін жеңіспен аяқтап, жартылай финалға жолдама алған болатын.
Қызылорда облысы Жаңақорған қаласының тумасы енді «қола» медаль үшін белдеседі.