Олимпиада: Д.Ниязбековтің жартылай финалдағы қарсыласы әккі Ресей палуаны

АСТАНА. 10 тамыз. ҚазАқпарат - Еркін күресші Дәулет Ниязбеков финалдық жарысқа берілер жолдаманы ресейлік Жамаль Отарсұлтанмен сарапқа салады.

Олимпиада: Д.Ниязбековтің жартылай финалдағы қарсыласы әккі Ресей палуаны

Еске сала кетейік, Әлем чемпионатының қола жүлдегері, Қазақстан чемпионы Дәулет Ниязбеков Лондон Олимпиадасында ширек финалдық белдесуін жеңіспен аяқтап, жартылай финалға жолдама алған болатын.

Қызылорда облысы Жаңақорған қаласының тумасы Түркия палуаны Ахмет Пекерге қарсы күресте 3:1 ұпайымен жеңіске жеткен еді. Енді отандасымызда кем дегенде «қола» медаль бар.