14:01, 24 Ақпан 2018 | GMT +5
Олимпиада менің жарысым емес сияқты - Алексей Полторанин
ПХЕНЧХАН. ҚазАқпарат - Бүгін Пхенчхан қаласында өтіп жатқан ХХIII қысқы Олимпиада ойындарында 50 шақырымдық қашықтықта сынға түскен Алексей Полторанин жарыстан кейінгі әсерімен бөлісті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Мен бұл жарысқа тек «Алтын медаль» үшін шыққан болатынмын. Тіпті, күміс, қола медаль туралы ойлаған емес едім. Не болғанын өзімде түсіне алмай қалдым. Негізі, Олимпиада ойындары менің жарысым емес екен», - деді ол журналистерге берген жауабында жылап тұрып.
Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін хабарлағанымыздай ол аталған қашықтықты 15-ші орынмен аяқтаған болатын.