Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Олимпиада: Шаңғы жарысынан А. Полторанин 5-ші, Н. Чеботько 13-ші орын алды

қпанның 18-і. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Ванкувер олимпиадасында шаңғы жарысынан жекелей спринтте финалда Қазақстан намысын қорғаған Алексей Полторанин 5-ші, ал Николай Чеботько 13-ші орын алды,

Олимпиада: Шаңғы жарысынан А. Полторанин 5-ші, Н. Чеботько 13-ші орын алды

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл сында ресейлік шаңғышы Никита Крюков олимпиада чемпионы атанды. Тағы бір ресейлік спортшы Александр Панжинский күміс жүлдені жеңіп алды. Қола медаль норвегиялық Петтер Нортнугке бұйырды. Алексей Полторанинге қола жүлдегер атануға небәрі 4,5 секунд жетпей қалды. Ал, жалпы ол мәреге олимпиада чемпионынан 13,7 секундқа, ал Николай Чеботько 18,1 секундқа кейін келді.

Айта кетейік, шаңғы жарысынан классикалық спринттен іріктеуден жерлестеріміз Сергей Черепанов пен Евгений Кошевой өте алмай қалды. Сөйтіп олар финалға жіберілмеді.