15:30, 31 Шілде 2012 | GMT +5
Олимпиададағы жалпыкомандалық есеп: Қазақстан Жапонияны артқа тастап, Ресейді өкшелеп келеді
АСТАНА. 31 шілде. ҚазАқпарат - Олимпиаданың турнирлік тізімінде Қазақстан 8-орынға жайғасып, Ресей және Жапония елдерімен бір қатарда тұр.

Біздің құраманың қоржынында 2 алтын медаль бар. Ресейде 5 медаль, оның 2-еуі күміс, 3-еуі қола медаль. Жапонияда жалпы 11 медаль бар, алайда оның тек біреуі ғана алтын. Күншығыс елі бұл тізімде 9-орында тұр.
7 Russian Federation 2 0 3 5
8 Kazakhstan 2 0 0 2
9 Japan 1 4 6 11
Олимпиаданың көш басына 9 алтынмен, 5 қоламен және 3 күміспен Қытай жайғасқан. Тізімдегі екінші орын АҚШ еліне тиесілі. Оның қоржынында әзірше 5 алтын, 7 күміс және 5 қола медаль бар. Одан кейінгі орынды Франция құрамасы 3 алтын, 1 күміс және 3 қола медальмен алып отыр.