Олимпиаданың жабылу салтанатында Қазақстан туын кімдер алып шығады

ПАРИЖ. KAZINFORM – Франция астанасы Париж қаласында өтіп жатқан Олимпиада ойындарының салтанатты жабылу рәсімінде Қазақстан туын кімдер алып шығатыны белгілі болды.

открытие олимпиады
Фото: Владислав Семенов / ҰОК

Нақтырақ айтсақ, ойындардың жабылу шарасында ел туын ерлерден таеквондошы Батырхан Төлеуғали мен әйелдер арасында көркем гимнастикадан ел намысын қорғаған Эльжана Таниева алып шығады.

Айта кетсек, Батырхан Төлеуғали Парижде 80 келіге дейінгі салмақта сынға түсті. Ол 1/8 айналымда екі дүркін әлем чемпионы, италиялық Симоне Алессиомен кездескен болатын. Тартысты жекпе-жекте тәжірибелі италиялық спортшы 2:0 есебімен жеңіске жетті. Батырхан Төлеуғали Қазақстан сапынан Олимпиадаға қатысып жатқан ең жас атлет. 18 жастағы спортшының бұл тұңғыш Олимпиадасы. 

Ал Эльжана Таниева Париж Олимпиадасында төрт жаттығудың қорытындысы бойынша финалға өте алмаған еді. Ол төрт жаттығудың нәтижесі бойынша 126.600 ұпай жинады. 

Естеріңізге сала кетсек, Франция астанасы Париж қаласында өткен ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының салтанатты ашылу рәсімінде еліміздің көк туын бокстан Қазақстан ұлттық құрамасының капитаны Асланбек Шымбергенов пен жеңіл атлет Ольга Сафронова ұстап шыққан болатын.

Қазақстандықтар Париж Олимпиадасының жабылу салтанатын Jibek Joly арнасынан тікелей эфирде көре алады. 

Олимпиаданың жабылу салтанатында Қазақстан туын кімдер алып шығады

Генеральный партнер - АО "ФНБ "Самрук Казына"
Партнер - Фонд поддержки спорта Sport Qory

Соңғы жаңалықтар